RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
Жаңалықтар

Бәйдібектің білімпаз жастары — республикалық зияткерлік сайыстың үздіктері қатарында

Төлеби ауданында өткен республикалық «Tez Tap» интеллектуалды ойыны — жастардың білімге деген құштарлығын арттырып, ұлттық құндылықтар мен тарихи танымды дәріптейтін рухани алаңға айналды. Бұл білім бәйгесінде еліміздің әр өңірінен – Ақтөбе, Астана, Алматы, Жезқазған, Шымкент және Түркістан облысынан келген зияткер жастар бас қосты.

Түркістан облысының атынан қатысқан Бәйдібек ауданынан құралған «ВВС жастары» командасы ерекше белсенділігімен көзге түсіп, мыңнан жүйрік, жүзден озық шыққан үздік командалардың бірі болды. Сайыс барысында жастар тек білім деңгейімен ғана емес, ойлау қабілетінің ұшқырлығымен, тарихи танымының тереңдігімен, шапшаң әрі нақты жауап беруімен ерекшеленді.

Жарыс нәтижесі бойынша Жезқазғаннан келген «Ұлытау» командасы бас жүлдені иеленсе, екінші орынды шымкенттік «Бөлелер» командасы жеңіп алды. Ал «ВВС жастары» намысты қолдан бермей, жүлделі үшінші орынды қанжығаларына байлап, Бәйдібек ауданының абыройын асқақтатты.

Бұл шара — жастардың тек зияткерлік қабілеттерін ғана емес, ұлттық болмысқа деген сүйіспеншілігін, қазақ тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын, көпшілік алдында сөйлеу шеберлігін шыңдауға бағытталған. Интеллектуалды дода арқылы ұлттың ұлағатын бойына сіңірген жас буын — ертеңгі ел тірегі екенін тағы бір дәлелдеді.

«ВВС жастары» командасының бұл жетістігі — Бәйдібек ауданындағы білім мен тәрбие ісінің жүйелі жолға қойылғанын, өскелең ұрпаққа сапалы білім мен рухани құндылықтарды қатар дарытудағы табысты еңбектің нәтижесі. Жастардың бойындағы шығармашылық әлеуетті ашу мен олардың тұлғалық қалыптасуына серпін беретін мұндай аламандар — ел ертеңінің жарқын болуына берік негіз.

Бәйдібектік жастың білімі – ел мақтаны. Бұл жеңіс – тек бір команданың ғана емес, тұтас аудан жастарының рухын көтеріп, болашаққа деген сенімін нығайтқан зор жетістік.

Ұқсас жаңалықтар

Инвесторларға қатысты негізгі шешімдер «прокурорлық сүзгіден» өтеді

redaktor_rastimes

САРЫАҒАШТА ӨНДІРІЛГЕН ӨНІМ ШЕТ ЕЛГЕ ЭКСПОРТТАЛУДА: ҚАЛАДА ПЛАСТИК ЕСІК-ПЕН ТЕРЕЗЕ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ ҚАРҚЫНДЫ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

redaktor_rastimes

Ордабасыда ұлттық мұра мен өндіріс тоғысқан жобалар бастау алмақ: ирандық инвесторлармен маңызды меморандумға қол қойылды

Пікір жазу