RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
Жаңалықтар

Ауыл тіршілігін түлетуге бағытталған жүйелі жұмыс жолға қойылды

Түркістан облысында ауылдық округтерді дамыту халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдіру және құқық қорғау саласының жұмысын жүйелеу бағытында нақты шаралар қолға алынып отыр облыс әкімінің төрағалығымен өткен арнайы мәжілісте дәл осы мәселелер кеңінен талқыланып ауыл әкімдіктері мен полиция бекеттерінің қазіргі жай-күйі жан-жақты зерделенді мәжіліс барысында облыс әкімі Нұралхан Көшеров ауылдық аймақтардағы мемлекеттік қызмет сапасын арттыру үшін ең алдымен әкімдер мен тәртіп сақшыларының жұмыс жағдайын жақсарту қажет екенін баса айтты оның айтуынша мемлекеттік қызмет пен құқық қорғау саласында еңбек ету – тек міндет қана емес үлкен жауапкершілік пен абыройдың көрінісі әрбір ауыл әкімінің өзі басқаратын аумақта тұрып халықпен етене араласуы елді мекендердің гүлденуіне үлес қосуы маңызды ал тәртіп сақшылары ел ішіндегі тыныштық пен тәртіпті қамтамасыз етуде белсенділік танытуы керек деген пікір білдірді бүгінде Түркістан облысы бойынша 181 ауылдық округ бар олардың 164-інде әкімдік өз ғимаратында жұмыс істесе 15 әкімдік мәдениет үйлерін паналаған 2-еуі жалға алынған нысандарда отыр бұл қызмет сапасына тікелей әсер ететін факторлар екені анық сондай-ақ өңірде 160 полиция бекеті тіркелген олардың 133-і ішкі істер департаментінің меншігінде болса қалған 27-сі аудан әкімдіктерінің иелігіндегі нысандарда орналасқан мәжілісте айтылғандай мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлерінің өз міндетін тиянақты орындауы үшін олардың жұмыс орны да талапқа сай болуы тиіс осыған байланысты облыс әкімдігі тарапынан әр ауылдық округ әкімдігіне ортақ әрі біркелкі үлгідегі ғимарат салу үшін эскиздік жобалар әзірленген егер алдағы уақытта жаңа нысандар бой көтеретін болса сол бекітілген эскиздер негізге алынатын болады құрылыс басқармасы бұл бағытта жұмыс жүргізіп жатыр мәжіліс барысында сөз алған облыс әкімі аппаратының Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің басшысы Нұркен Аралбековтің мәліметінше қазіргі таңда облыстағы 181 ауылдық округте 57 штаттық бірлік жетіспейді бұл да мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына әсер ететін жайт сондықтан бұл мәселе де арнайы бақылауға алынбақ сонымен қатар бүгінде 17 ауыл әкімдігінің ғимаратының тозығы жеткені анықталып жаңартуды қажет ететіні белгілі болды мәжіліс соңында облыс әкімі Нұралхан Көшеров тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп ауыл әкімдіктерінің инфрақұрылымын жақсарту халықпен тығыз жұмыс жүргізетін мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын оңалту және полиция қызметкерлерінің тиімділігін арттыру бағытындағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды ауылды жердің көркеюі мен тұрақты дамуы тікелей сол жерде еңбек етіп жатқан азаматтардың әлеуетіне байланысты екенін айтқан өңір басшысы бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатынын жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті

redaktor_rastimes

Министрлік су үнемдеу бойынша 5 облыста семинар өткізуде

redaktor_rastimes

ТҮРКІСТАНДА БІРЛІК МЕРЕКЕСІ АТАП ӨТІЛДІ

redaktor_rastimes

Пікір жазу