RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
Жаңалықтар

Алтын-Емел ұлттық паркінде жабайы аң санағы өтті

Жыл сайынғы  қысқы санаққа Жетісу облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, «Охотзоопром» РМҚК,  Зоология институты, Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы ұйымының өкілдері қатысты. Аталмыш жұмыстар  ашық, желсіз күні жиырма есепшіден тұратын жеті топпен жүргізілді.

Екі күндік жұмыстың нәтижесінде ұлттық парк аумағында 5,5 мыңға жуық қарақұйрық және 190-ға жуық арқар  мекен ететіні анықталды. Ал, Алтын-Емелдегі құландар саны 3,6 басты  құрады. Айта кету керек, бұл Қазақстандағы ең көп құлан популяциясы. Тұяқтылар санының тұрақты өсуі жануарларды басқа тарихи мекендеу орындарына қайта  жіберуге мүмкіндік береді.

Мәселен, былтыр  87 бас жануар  «Алтын дала», «Іле-Балқаш» резерваттарына және «Созақ» орманшылығына аттандырылды.

Естеріңізге сала кетейік, іс — шараның негізгі мақсаты — еліміздің Қызыл кітабына енгізілген арқар, құлан және қарақұйрық популяциясын түгендеу.

Дереккөз: ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Иордания музейіне барды

redaktor_rastimes

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫ СТАТИСТИКАҒА ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

redaktor_rastimes

Қазақстанда 2024 жылы 18,9 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген

redaktor_rastimes

Пікір жазу