RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарКәсіпСұхбатҚоғамӘлем

Алматыда «Сайран» автовокзалы коммуналдық меншікке қайтарылуы мүмкін

Алматы әкімдігі «Сайран» автовокзалының меншік иесімен оны коммуналдық меншікке қайтару мәселесі бойынша келіссөздер жүргізуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.

Журналистің автовокзал аумағын ауқымды қайта құру және абаттандыру жоспарлары туралы сұрағына қала басшысы «Сайран» 2000 жылдардың ортасында жеке меншікке берілгенін еске салды. 2018-2019 жылдары меншік иесі ғимаратты базалық жаңғыртуды жүргізді.

«Біз үшін автовокзал үлкен ішкі көлік хабы ретінде өте маңызды. Алматының Бас даму жоспарына және егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына сәйкес автовокзал қоғамдық — іскерлік аймақта, атап айтқанда, көліктік қызмет көрсету объектілері аймағында орналасқан, сондықтан ол жолаушылардың ауысып отыруларына өте ыңғайлы», — деді Ерболат Досаев.

Алматы әкімі автовокзал иелерімен одан әрі реконструкция жүргізу және бірыңғай кешен құру үшін оны коммуналдық меншікке қайтару бойынша келіссөздер басталғанын атап өтті.

 

Дереккөз: Алматы қаласы әкімдігінің ресми сайты

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады

redaktor_rastimes

Ақмола облысында егін жинау науқаны аяқталды

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары «China Gezhouba Group» басшылығымен кездесті

redaktor_rastimes

Пікір жазу