RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ДенсаулықЖаңалықтарҚоғам

Алматыда еріктілер «Бір тамшы қан – бір өмір» қайырымдылық акциясын өткізді

Алмалы ауданынының комьюнити орталығында «Qamqor Charity» қоғамдық қоры Республикалық қан орталығымен бірлесіп «Бір тамшы қан – бір өмір» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Іс-шараның басты мақсаты – донорлық мәдениетті дамыту, ерікті түрде қан тапсыруды насихаттау және адам өмірін сақтауға үлес қосу.

Акцияға қоғамдық кеңес мүшелері, еріктілер, қала тұрғындары және Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қатысты. Соның нәтижесінде 200-ден астам донор өз еркімен қан тапсырып, науқастардың сауығып кетуіне үлес қосты.

«Бұл акцияның басты құндылығы – қоғамда донорлық мәдениетті қалыптастыру. Әрбір тамшы қан адам өмірін құтқара алады. Еріктілер мен белсенді азаматтардың мұндай бастамаларға қатысуы олардың азаматтық жауапкершілігі мен өзара қолдаудың айқын көрінісі. Алдағы уақытта мұндай іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп, мұқтаж жандарға үміт сыйлауды жалғастырамыз», – деді «Qamqor Charity» қорының жетекшісі Бағдат Анарбаева.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай акциялар алдағы уақытта да жалғасып, Алматы жастары арасында донорлық мәдениетті дамытуға серпін бермек.

Дереккөз: Алматы қаласының әкімдігі

Ұқсас жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы министрлігі топырақты қалпына келтіру үшін көміртекті егіншілікті енгізеді

redaktor_rastimes

Мемлекет басшысы Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысты

redaktor_rastimes

Олжас Бектенов сумен тұрақты қамтамасыз ету шараларын қабылдауды тапсырды

redaktor_rastimes

Пікір жазу