RASTIMES саяси-қоғамдық сайты.
ЖаңалықтарСаясат

Түркістан мен Қытай: Жаңа дәуірдің инвестициялық көпірі

Астана төрінде өткен «Орталық Азия – Қытай» индустриялық және инвестициялық ынтымақтастықтың ІІ форумы Түркістан өңірі үшін тарихи келісімдерге жол ашқан маңызды оқиға болды. Екі күнге созылған халықаралық басқосуда Түркістан облысы мен Қытай Халық Республикасының алпауыт компаниялары арасында жалпы құны жүздеген миллион долларды құрайтын жеті меморандумға қол қойылып, өңіраралық ынтымақтастық жаңа белеске көтерілді. Форумға Орталық Азия елдері – Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қырғызстан мен Қытайдың үкімет және бизнес өкілдері, ірі инвесторлар мен экономикалық сарапшылар қатысып, аймақтық дамудың көкжиегін кеңейтетін бастамаларды талқылады. Форум аясында Түркістан облысы мен Қытайдың Шэньси және Хубэй провинциялары арасында бауырластық келісім орнап, бұл өзара қарым-қатынастың берік негізін қалаған тарихи сәтке айналды. Іскерлік кездесулер барысында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров форум қатысушыларына өңірдің инвестициялық тартымдылығы мен көлік-логистикалық әлеуеті, ауыл шаруашылығы мен күн энергетикасы салаларындағы мүмкіндіктерін кеңінен таныстырып, Түркістанның – түркі дүниесінің алтын бесігі, мәдени астанасы екенін ерекше атап өтті. Облыс халқының басым бөлігі – жастар, бұл өз кезегінде өңірді жаңа технологиялар мен инновациялық жобаларға бейім, қарқынды дамушы аймақ ретінде сипаттайды. Облыс әкімі өзінің мазмұнды баяндамасында Түркістан облысының Еуразиялық экономикалық одақ мүшесі ретінде кедендік жеңілдіктер мен 185 миллион адамды қамтитын нарыққа ашық есік екенін еске салып, шетелдік инвесторларды күн тәртібіндегі нақты жобаларды бірге жүзеге асыруға шақырды. Айрықша назар аударылған жобалардың бірі – Түркістан өңірінде қытайлық «Tangshan Huating Ceramics Co., Ltd.» компаниясымен бірлесе жүзеге асатын, құны 18 миллион АҚШ долларын құрайтын биотехнологиялық мал қалдықтарын қайта өңдеу кешені. Бұл жоба аясында 60 жаңа жұмыс орны ашылады. Екінші ірі жоба – «China Qingdao Wanlin Group» компаниясының қатысуымен құрылатын «Циндао индустриялық паркі». Жалпы құны 90 миллион долларды құрайтын бұл бастама аясында 500 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Түркістан облысы инвестициялық қолайлы алаң ретінде өзін айқын таныта бастады. Бүгінде өңірде «TURAN» арнайы экономикалық аймағы, 19 индустриялық аймақ пен «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы сияқты инфрақұрылымдық хабтар қалыптасқан. Форумның екінші күні өткен «Шэньси провинциясымен танысу» атты сауда-экономикалық конференцияда облыс әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков инвестициялық әріптестікті нығайтуға бағытталған келісімдердің маңызын атап өтіп, бұл қадамдар өңірлік дамуға тың серпін беретінін айтты. Форум аясында өткізілген B2B форматындағы кездесулерде бизнес өкілдері өзара тәжірибе алмасып, нақты жобаларды бірлесіп жүзеге асыру жолдарын талқылады. Осылайша, Түркістан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас тек экономикалық емес, мәдени, рухани байланыстармен де бекемделіп, өңірдің даму бағытына тың тыныс, жаңа өріс әкелді.

Ұқсас жаңалықтар

Мысыр мен Қазақстан туризм және спорт саласындағы ынтымақтастықты нығайтпақ

redaktor_rastimes

ТҮРКІСТАНДА ӘБДІСАЛАН НҰРМАХАНОВ АТЫНДАҒЫ ХХХІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БОКС ТУРНИРІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

redaktor_rastimes

ТҮРКІСТАНДА «ОТБАСЫ LIFE» САЙЫСЫ ӨТТІ

redaktor_rastimes

Пікір жазу