БілімЖаңалықтар

Жібек Қылышбаева: Бағалау — тәрбие құралы

Бүгінгі таңда білім беруге койылатын талаптар адамды ен жоғарғы құндылық ретінде қарастыратын ізгіліктік тұжырымдамасы тұрғысы-нан қарастырады.

Білім алу тұтынушылардың сұраныстарын канағаттан-дыруға, жеке тұлға мен нәтижеге бағытталған әрекеттер аркылы құрылуы тиіс. Сондықтан білім сапасының мәселесі жеке тұлғаны дамытуға, өзгермелі өмірге бейімделуге, онын жоғарғы адамгершілік пен кәсібилікке ұмтылысын калыптастыруға бағытталған міндеттер кешенін шешуге байланысты білім беру саясатының негізгі мәселелерінің бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8 тарау 55 бабында «білім беру сапасын ішкі бағалау сапа менеджменті жүйесін, білім беру ұйымдары қызметінің барлық түрлерінің өзін-өзі бағалауының әртүрлі рәсімдерін, үлгерімді ағымдағы бақылаудың білім алушылардың білім алу жетістіктерін бағалауды қамтиды» деп атап көрсетілген.

Осыған байланысты, біліктілікті арттыру жүйесінің, әдістемелік жұмыстардың негізгі міндеттерінің бірі жалпы орта білім мекемелерінің әкімшілігі мен мұғалімдеріне білім сапасын, оқу-тәрбие процесінің сапасын басқару әдістерін меңгерту болып табылады.

ХХІ ғасырдың 2001 жылдарынан бастап қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар еліміздегі білім беру сапасының әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол арқылы әлемдік сұранысқа жауап бере алатын мамандарды даярлау және бәсекеге қабілетті білім мен мәдениет беру мәселесінің өзектілігін үздіксіз жариялап келеді. Елімізде қабылданған «Қазақстан Республикасының білім туралы заңы», «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», «Қазақстан Республикасында үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы» т.б. нормативті құжаттары негізінде білім берудің жаңа сапалық деңгейіне көтерілу тек білім мазмұнын анықтаумен ғана емес, білімнің сапалығын бағалау жүйесін де өзгеріс енгізу қажеттігін мемлекеттік деңгейдегі мәселе дәрежесіне көтерді.

Осы тұрғыда елімізде оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын пайдалану, кредиттік жүйеге көшу, 12 жылдық оқыту жүйесіне көшуге дайындық, халықаралық ИСО-9001:2000 стандарттарына сәйкес білім мазмұнын анықтау, TIMSS, PISA бағдарламалар бойынша білім сапасын бағалаудың жаңа жүйелерін қолдану мүмкіндіктерін зерттеу т.б. мәселелер қолға алынуда. Бұл мәселе бойынша Қазақстанда көптеген педагог ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізіп, олардың нәтижелерін оқу тәрбие процесінде енгізуде. Атап айтқанда Ж.Қараев, М.Жанпейісова, Қ.Жанпейісова, М.Жадрина, Ж.Қобдикова, М.Тамаи, А.Жайтапова, Ф.Наметқұлова, т.б. ғалымдар білім сапасын бағалаудың көп деңгейлі түрлерімен қоса білім беру мазмұнын дифференсациялау арқылы комплексті сатылап бағалау жүйесін енгізу қажеттігін қолдайды [5,6,9,11,15].

Қазақ білім академиясының педагог ғалымдары білім сапасын бағалаудың соңғы нәтижеге бағдарлануын сапалы бағалауға жатады деп есептеледі (М.Жадрина, Н.Оразақынова, т.б.)[11,19].

Елімізде білім беру сапасын бағалауда көптеген қиыншылықтар мен кемшіліктер жиі кездесетіні Н.Хмель, А.Сейтешов, Г.Уманов, Т.Сабыров, т.б. еңбектерінде айтылған [17,16,21,27]. Онда білім сапасын бағалаудың көп деңгейлі жүйесіне көшу, оның дидактикалық шарттарын анықтау арқылы көрсетілген. Осындай көзқараста Республикалық білім жетілдіру институтының ғалымдары (Ж.Қобдикова, Г.Жайтапова, т.б.) білім сапасын бағалаудың әдістемелік жүйесін жетілдіру қажеттігін, ол үшін жаңа педагогикалық негізінде оқу тәрбие процесін технологизациялау қажеттігін күн тәртібіне қояды.

«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту» тұжырымдамасының 4.3.1. тарауының I сатысы деп – бастауыш білім беру, 1-4 сыныптар деп көрсетілген. Оқудың ұзақтығы – 4 жыл. Оқу 6 жастан басталады. Бұл жас баланың ақыл ойының дамуы мен әлеуметтік даярлығы үшін мейлінше қолайлы кезең болып табылады. Бастауыш мектептің негізгі міндеті – баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту.

Қазіргі жалпыға білім беру стандартына сәйкес бастауыш мектептің маңызы мен қызметі оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болуымен ғана емес, ең алдымен, оқушы тұлғасы ұйытқысының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын буын екендігімен анықталынып негізделген.

Осымен байланысты интеллектуалдық, эмоционалдық, іскерлік, комму-никативтік жағынан оқушыны айналадағы дүниемен (табиғатпен, басқа адамдармен, өз-өзімен, т.б.) өзара белсенді әрекеттестік қарым-қатынасқа дайындау бастауыш сатының негізгі қызметі болып табылады.

Бастауыш сатыда оқушының жалпы және психикалық дамуының бұл сияқты жеткілікті деңгейіне қол жеткізу үшін, ең алдымен білім берудің мақсат приоритеті түбегейлі өзгеруі керек: бірінші кезекке, бұрынғыша оқушыны пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылады.

Мұғалімнің еңбегінің табысты болуы оның жан-жақты ізденуінде, шығармашылығында. Білімді оқушыға тиянақты, түсінікті бере білу – үлкен өнер. Сол сияқты білімді дұрыс бағалауда үлкен өнерді талап етеді. Оқушының білімді қалай игергендігін білудің оқушы өзі үшін де, мұғалім үшін де маңызы зор. Бұдан білімдерді, шеберліктерді және дағдыларды тексеру көмегі арқылы жетуге болады. Тексеру дегеніміз ұмытудан сақтандырудың ғана емес, сондай-ақ білімді неғұрлым берік игерудің маңызды құралы. Тексеру барысында мұғалім балалардың білімді игеру фактісінің өзін ғана емес, сондай-ақ олар материалды қаншалықты дұрыс игеріп, қабылданғанын ойлап, есіне сақтай ала ма, жоқ па соны анықтауға тырысады.

Тексеру мен бағалаудың тәрбиелік маңызы тығыз да, оқудағы дұрыс я бұрыс емес баға мектеп оқушысын жүйелі жұмыс істеуге итермелейді, оның мінез-құлқының маңызды сипаты ретінде еңбек сүйгіштік қабілетін қалыптастыруға жол ашады. Алған, игерген білімді тексеру және бағалаудың өзіндік ерекшеліктері бар.

Мұғалім оқушының білімін тексеру мен бағалауда оқушының психикасына әсер еткізбейтіндей әділ бағалауы, білімді дұрыс игергені абзал. Қазіргі кезеңде білімді тексеру мен бағалау ісі мұғалімнің жауапкершілігіне, әділдігіне байланысты. Бағалау арқылы оқушылардың білім деңгейін ғана емес, оның ізгілікке, әділдікке, адамгершілікке, ұжымдылыққа, жауапкершілікке ұмтылдыру — әрбір мұғалімнің міндеті, яғни бағалау тәрбие құралы.

Жібек Қылышбаева,
М. Әуезов атындағы ОҚМУ магистрі

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button