Без рубрики

Жәрдемақы: Шымкентте 9 244 отбасыға қызмет көрсетілді

ШЫМКЕНТ, Rastimes.kz — Шымкентте жаңа модульді атаулы әлеуметтік көмек бойынша 9 244 отбасыға қызмет көрсетілген, — деп хабарлайды Rastimes.kz сайты. Растаймыз!

Бұл жөнінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ербол Садыр мәлімдеді.

Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы өз Жолдауында Үкімет алдына атаулы әлеуметтік көмекті төлеу тәртібін оның ашықтығын, әділдігін және ең бастысы еңбекке ынталандыру мақсатында, сондай-ақ табысы төмен отбасылардағы балалар үшін кепілдендірілген әлеуметтік көмекті енгізу қажеттігі туралы тапсырма берген болатын.

Үкімет аталған тапсырманы іске асыру бойынша нақты жұмыстар атқарды.

Баспасөз брифингіне Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ғалымжан Талғатұлы Балтаев пен Шымкент қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Дархан Беласаров қатысты.

Мемлекет бірінші кезекте балаларға және көп балалы отбасыларға көмектеседі. Еңбекке қабілетті азаматтарды еңбекке ынталандыру, табысы аз азаматтардың табыстарын және мемлекеттік қолдау мөлшерін есепке алуға қатысты әділдік пен ашықтық қамтамасыз ету үшін заңға тиісті өзгерістер енгізілді.

Ұсынылып отырған жаңа ұстанымдар:

көпбалалы аналарды қолдауды;

— жаңғыртылған атаулы әлеуметтік көмек;

— кепілдендірілген әлеуметтік пакет.

Біріншісі.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда 4 немесе одан көп баласы бар көп балалы отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы енгізілді,олардың табысына қарамастан  мемлекеттік жәрдемақы төленуде. Бұл көпбалалы аналардың беделін мойындап, аз қамтылған отбасы деген стереотиптен алынып тасталынады.

Көпбалалы отбасыларға берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақыны отбасы балаларының санына қарай, яғни:

— 4 балалы отбасыларға – 42500 теңгеден;

— 5 балалы отбасыларға – 53 125 теңгеден;

— 6 балалы отбасыларға – 63 750 теңгеден;

— 7 және одан да көп балалы отбасыларға –               74 375 теңгеден төлем жүргізілуде.

Екіншісі. Әлеуметтік әділеттікті қамтамасыз ету үшін АӘК нағыз мұқтаж, өмірлік қиын жағдайға тап болған және өз бетінше шығуға мүмкіндігі жоқ адамдарға ғана тағайындалуы тиіс.

Ол үшін:

біріншіден, АӘК-тің тоқсан сайынғы тағайындау тәртібін қайтару және тиісінше шартты және шартсыз көмекті үш айға тағайындау.

екіншіден, барлық отбасы мүшелеріне АӘК орта табысымен кедейлік шегі арасындағы айырмашылық көлемінде төленетін болады.

үшіншіден, егер отбасының еңбекке қабілетті мүшесі ұсынылған белсенді жұмыспен қамту шараларынан бас тартса, онда ол және оның отбасының барлық мүшелері АӘК алу құқығынан айырылатын болады.

Сондай-ақ, бала күтімімен айналысатын анаға, бала үш жасқа толғаннанкейін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу міндеті қойылады.

— төртіншіден, учаскелік комиссиялар жұмысы және жауапкершілігі күшейтіледі. Заң жобасында учаскелік комиссиялар үшін атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын анықтау тәртібі бекітіледі, сондай-ақ учаскелік комиссияның қорытындысы бойынша мұқтаж емес отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмайтын болады.

АӘК-ке үміткер отбасылардың материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытынды жасау үшін мерзімді үш күннен жеті күнге дейін арттырылды.

Үшінші. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардағы балаларға заттай қолдауды қамтитын кепілдендірілген әлеуметтік пакет беріледі.

Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған тамақпен және гигиеналық құралдармен  қамтамасыз етіледі.

Ал, оқушы балалар үшін мектептерде тегін ыстық тамақты, күнделікті мектепке дейін және кері тегін жол жүруді, сондай-ақ мектеп формасы мен оқу құралдарын мемлекет есебінен берілетін болады.

Сонымен қатар, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке құжат қабылдау 2020 жылдың 5 қаңтарынан басталып, бүгінгі таңға 9 244 адамға консультация беріліп, 2 765 отбасыдан өтініш қабылданды. Құжат қабылдау 5 мекен-жай бойынша жүргізілуде, атап айтсақ:

  1. Нұрсат м.а., Бәйтерекова көшесі № 89. Халықты жұмыспен қамту орталығының ғимаратында;
  2. Бәйдібек би даңғылы №60. Қаратау ауданы әкімі аппаратының ғимаратында;
  3. Тәуке хан даңғылы, №3. Абай ауданы әкімі аппаратының ғимаратында;
  4. Тыныбаев көшесі, №49. Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ғимаратында;
  5. Толстой көшесі, №119.  Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ғимаратында құжаттар қабылдануда.

Rastimes.kz ақпарат агенттігі

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button