Без рубрики

Жәрдемақы берілмейтін болды

Жаңа зейнетақы реформасына сәйкес, зейнетке шығу жасы ұлғайтылып, бірнеше саладағы қызметкерлерге жәрдемақы берілмейтін болды, — деп жазады 24.kz.

Дереккөздің хабарлауынша, Францияда «зейнетақы ереуілінен» мерекенің берекесі кетті. Франциядағы ереуілдің қарқыны басылатын емес. Халық екі айдан бері зейнетақы реформасына қарсы шығып жатыр.

Мереке күндері де көшеге шыққан наразы жұрт биліктен заң жүйесін өзгертуді талап етіп отыр.

Еске сала кетейік, екі ай бұрын енгізілген жаңа зейнетақы реформасына сәйкес, зейнетке шығу жасы ұлғайтылды. Жаңа талапқа сәйкес, бірнеше саладағы қызметкерлерге жәрдемақы берілмейтін болды.

Ереуілге шыққандардың айтуынша, билік халықтың талабын орындамайынша, митинг жалғаса бермек. Бірақ саясаткерлер бұл қажет реформа екенін айтып, халықты келісімге келуге шақырып отыр.

https://aikyn.kz/

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button