ҚоғамӘлем

Заңгер: Ақжарқынның өмірі үшін күресуді талап етемін

Rastimes.kz — Белгілі заңгер Камиша Есмұхамембетқызы Қытай түрмесінде отырған Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты сот үкімімен келіспейтінін, сондай-ақ, прокуратураға хат жазғанын айтты, деп хабарлайды Rastimes.kz сайты Neonomad.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, конституциямызда басты құндылық адам екенін атап көрсеткен заңгер осы мәселені жиында тағы көтеруді сұрады.

«Неге отандасымызды елде соттауды сұрамадық? Ақжарқынның өмірі үшін күресуді талап етемін, қызымыздың тағдыры – сан мыңдаған қазақтың қайғысы. Прокуратураға бүгін арыз жаздым. Үкіметке мұндай талап қоюға мәжбүрмін. Себебі біздің конституцияда басты құндылық – адам өмірі. Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық фактіні ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 қарашадағы N 91 Заңға сәйкес 7-бапта «Ешкiм де азапталуға немесе оның қадiр-қасиетiн қорлайтындай адамшылыққа жатпайтын қатыгездiк жолымен жәбірленуге немесе жазалануға тиiс емес» делінген», – деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетсек, Ақжарқын Тұрлыбайдың үкімі өзгеріссіз қалған еді.

Rastimes.kz ақпарат агенттігі

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button