Без рубрики

ЮНЕСКО ҰЙЫМЫ ШЫМКЕНТТІҢ 2200 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ҚАЛА ЕКЕНІН РЕСМИ БЕКІТТІ

ПАРИЖ, Rastimes.kz — ЮНЕСКО Шымкенттің 2200 жылдығын атап өтуді 2020 жылы өтетін халықаралық мерейтойлар тізіміне енгізді. Мұндай шешім Франция астанасында өткен ЮНЕСКО-ның 40-шы Бас конференциясында қабылданды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

12-27 қараша аралығында өткен конференцияда ортағасырлық Шығыстың ғұлама ойшылы әрі ғалымы Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150-жылдығын және Шымкент қаласының негізі қалануының 2200-жылдығын келесі жылы атап өтілетін халықаралық мерейтойлар тізіміне енгізу жөнінде арнайы қарар қабылдады.

Ұйымға мүше 193 мемлекеттің ортақ шешіміне сәйкес ЮНЕСКО Хатшылығына аталған мерейтойлар аясында өткізілетін іс-шараларға қатысу тапсырылды.

Бас конференцияның пленарлық жиналысында Қазақстанның Франциядағы Елшісі әрі ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі Жан Ғалиев мүше мемлекеттерге еліміздің ұсыныстарын қолдағандары үшін алғыс білдіріп, оларды аталған мерейтойларға, және қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына орай елімізде және шетелде өткізу жоспарланып отырған іс-шараларға қатысуға шақырды.

2200 жылдық тарихты арқалаған Шымкент — көне қалалардың бірі екенін Бауыржан Байтанаев бастаған зерттеушiлер біраз жыл бұрын дәлелдеген болатын. ЮНЕСКО деңгейiнде аталып өтiлуi үшiн бұл ғылыми тұжырым дүниежүзi тарихшы-ғалымдарының назарына ұсынылып, бүгінде мойындалып отыр. Енді келер жылы миллионды қала тұрғындары Шымкент қаласының 2200 жылдық мерейтойын ресми түрде атап өтеді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button