Қала

ҰЛЫ АБАЙДЫҢ АТЫНДАҒЫ АУДАНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАЛДЫ

ШЫМКЕНТ, Rastimes.kz — Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановтың бастамасымен «Қайырымды қала — Шымкент» акциясы аясында қайырымдылық іс-шарасы өтті, -деп хабарлайды. Растаймыз!

16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған Шымкент қаласының Абай ауданының аумағындағы орталық «Ақмешіт» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті.

Шараны Абай ауданының әкімдігі мен Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы және «Meyirim.kz» электронды қайырымдылық порталы ұйымдастырды. Демеушілердің көмегімен 100 отбасы азық-түлікпен қамтылды. Оның ішінде: ұн, күріш, макарон, шекер, май, картоп, пияз, конфет-печенье, шай т.б. кіреді.

Жалпы жылдың басынан аудан аумағындағы әлеуметтік жағдайы төмен аз қамтылған отбасыларға, жетім балалар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған 86 қайырымдылық іс-шаралары өткізіліп, 1586 отбасы қамтылды.

Ауданда аса мұқтаж 5214 аз қамтылған отбасы бар. Барлығы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алады. Аудан әкімі аппратынан да жүргізілетін қайырымдылық көмектерге 846 отбасы тіркеліп, бақылауға қойылған.

Rastimes.kz ақпарат агенттігі

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button