ҚоғамӘлем

Түркияның арнайы қызметі Ресейде Сириялық лаңкестік ұйымның басшысын ұстады

АНКАРА, Rastimes.kz – Түркияның арнайы қызметі Сирияда «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобының содырларын ұстады. Бұл туралы Түркияның ІІМ басшысы Сулейман Сойлу мәлімдеді, — деп хабарлады Риа Новости сайты.

«Біз сириялық Аазазада ад-Дин әл-Насир Убейтенің атымен аталатын ИГ* лаңкестік тобының лақап аты Юсуф Худа деген  жоғарғы басшысын ұстадық, — деп министрдің сөзін келтірді Hurriyet газеті.

Ұсталған адам 20 терактінің ұйымдастырушысы болып табылады. Оның ішінде 2018 жылы Ресейде және Гамбургте ұйымдастырған.

Сулейман Сойлудың айтуынша, содырлар бомба жасап, оны интернет арқылы үйретіп, өлім-жітім желісін құрумен айналысқан. Улы заттардың көмегімен шабуылдар мен кісі өлтіруге дайындалған.

Аазаза 2016 жылы «Евфрат қалқаны» операциясы барысында түрік бақылауына өтті.

https://ria.ru/

Ұқсас материалдар

Back to top button