Спорт

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОКСТАН КОНФЕДЕРАЦИЯ КУБОГЫН ЖЕҢІП АЛДЫ

ТҮРКІСТАН, Rastimes.kz — Түркістан облысы бокстан конфедерация кубогын жеңіп алды.

Алматыда бокстан конфедерация кубогы аяқталды. Биыл 10-шы рет өткен доданың финалдық бәсекесінде Түркістан облысының боксшылары Нұр-Сұлтан командасын 5:3 есебімен жеңді.

Түркістан облысынан Сәкен Бибосынов, Қайрат Ералиев, Бек Нұрмағамбет, Абзал Құттыбеков, Нұрлан Сапарбай сынды батырлар жасындай жарқырады. Бек бауырымыз денсаулығын түзеп, қайтадан бабына еніп келеді.

Жеңімпаздар сапында Бекдаулет Ибрагимов, Шыныбек Назарбеков, , Бекзат Сабыр да финалға дейін сынақтардан өтті.Түркістандықтар жартылай финалда Қарағанды командасынан 5:3 есебімен басым түссе, елордалықтар Маңғыстау боксшыларын жеңген болатын.

Мырзағали Айтжанов пен Олжас Оразалиев баптайтын Түркістан өрендері осымен үшінші рет (2015, 2017, 2019) осы доданың жеңімпазы атанып отыр.

Чемпион командаға 12 млн. теңге тапсырылды.

Ғабит Сапарбек

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button