Облыс

Төлеби ауданында қиранды 38 үй қайта салынады

Төлеби ауданына бардық. Төтенше жағдай жарияланғанымен Төлебидің аспаны шайдай ашық болып тұрды. Су тасқынының кесірі Төлеби ауданына да тиген. Үш ауылды су шайып өткен. Біз судан зардап шеккен Достық ауылына бардық. Көрдік. Жағдай әу бастаа қиындап, соңында қалыпқа келген.

Жалпы тасқыннан 38 үй жарамсыз күйге түсті. Соның салдарынан біршама материалдық шығын келген. Адам шығына жоқ. Абыройы осы.

Зардап шеккен тұрғындардың баспаналары, яғни 38 үй жаңадан бой көтеретін болады. Бұған 510 млн теңге бөлінген. Құрылыс бір жарым айдың ішінде аяқталып, 1 шілдеде қолданысқа беріледі,- деп мәлімдеді Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков.

Аудан әкімі біздің төте-соқпағынан қойған сұрақтарымызға тұшымды жауап берді. Әкімдіктің өнімді жұмыстары көзге көрініп, сөзге қуат болды. Ауыл тұрғындары шын жүректен алғысын айтуда.

Сүндет Сейітов

Rastimes.kz ақпарат агенттігі

Ұқсас материалдар

Back to top button