ОблысҚоғам

Төлеби ауданында көпбалалы отбасының үйі өртеніп кетті

ШЫМКЕНТ, Rastimes.kz – Төлеби ауданының Леңгір қаласында 5 бала тәрбиелеп отырған ата-ананың үйі өртеніп кетті, — деп хабарлайды Rastimes.kz сайты. Растаймыз!

2019 жылдың 24-желтоқсанында Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Достық көшесі, №43 үйде өрт шығып, өрт төтенше жағдайлар бөлімі және №5 өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерінің жұмылдырылуымен оқшауланып, сөндірілді. Бұл жөнінде Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Өрттің салдарынан 3 азамат зардап шеккен. Оның ішінде 10 айлық сәби та бар. Зардап шеккендер шұғыл қалалық ауруханаға жеткізіліп, оларға тиісті алғашқы медициналық көмектер көрсетті. Емдеу шаралары жүргізілуде.

Бүгінгі таңда зардап шеккендер Ленгір қалалық ауруханасының хирургия бөлімінде ем қабылдауда. Зардап шеккендер дәрігерлердің бақылауында.

Өрттің шығу себебі құзырлы бөлімдер тарапынан анықталу үстінде. Алдын-ала болжам бойынша өрт қауіпсіздік ережелері сақталмауынан шығуы мүмкін.

Бөлмелерді жылытуға иран пеші (камин) қолданып келген. Оған сұқйытылған газ (балон) пайдаланған. Жанұя әлеуметтік аз қамтылған отбасы ретінде мемлекет тарапынан атаулы әлеуметтік көмек алған.

Зардап шегушілер Кемеқалған ауылдық округінен келіп, аталған мекен-жайда пәтер жалдап тұрған. Қазіргі таңда қалған 4 баласы Әңгірата елді мекеніндегі туысқандарының қолында.

Ленгір қаласы әкімшілігі тарапынан және «Ізгілікте жарысайық» қайырымдылық қорының ерікті азаматтары зардап шеккен отбасына көмектер (азық-түлік және ақшалай) көрсетуде. Бұл тұрғыда аудан әкімдігі кез келген жағдайға дайын екендігін көрсетті.

Аудан әкімдігі оқиға болған күннен бастап, зардап шеккен отбасын өз бақылауына алған. Аудан әкімі Бауыржан Омарбеков зардап шеккен отбасыға әлеуметтік көмек көрсетуді тапсырды.

Rastimes.kz ақпарат агенттігі

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button