МәдениетҚоғамӘлем

ТАШКЕНТТЕ «ШЫМКЕНТ — ШЫРАЙЛЫ ШАҺАРЫМ» АТТЫ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ ӨТУДЕ.

Өзбекстан астанасы Ташкентте Қазақстанның Өзбекстандағы жылы аясында «Шымкент – шырайлы шаһарым!» атты мәдениет күндері өтуде. Іс-сапарда жүрген тілшіміз Sabit Tastanbek осылай деп хабарлайды.

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай бастап барған делегация құрамында қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Жанар Бектаева, Әселхан Қалыбекова, Аманхан Әлім, Қасымхан Бегман, Бекжан Әшірбаев, Көпен Әмірбек сынды қаламгерлер, Шахизада, Заттыбек Көпбосынұлы, Ақжол Мейірбеков секілді өнерпаздар мен Маржан Есжанова, Калима Оралова, Ақмарал Леубаева сияқты айтыскер ақындар, БАҚ өкілдері бар.

Салтанатты жиынды өнер қайраткері Қалдыбек Құрманәлі жүргізіп отырды. Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай жиынның ашылуында құттықтау сөз сөйлеп, осынау іс-шараның екі мемлекет халқын жақындастыру тұрғысынан алғанда аса маңызды екеніне тоқталды.

Қайрат Ырзақұлұлы өз сөзінде бауырлас екі елді ортақ тарихи тағдыр, туыстас тіліміз, дініміз бен мәдени құндылықтарымыз біріктіретінін атап өтті, сонымен қатар жиналған қауымға Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов мырзаның жылы лебізін жеткізді.

Іс-шара аясында елімізге танымал ақындар мен жазушылар, өнер қайраткерлері Ташкент кітапханасында ұйымдастырылған мерекелік жиынға қатысып, екі елдің достығы дәріптелді. Онда қатысушылар тәуелсіз Қазақ елінің өткені мен бүгінін айғақтайтын кітап көрмесін аралап көрді.

Еске сала кетсек, кешкі сағат 19:00-де Қазақстанның Өзбекстандағы жылы аясында Ташкентте мерекелік гала-концерт өтеді деп жоспарлануда.

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button