Без рубрики

TASCREDIT компаниясына — 10 жыл!

Бүгін мен үшін туған баламдай болып кеткен «TAS КРЕДИТ» компаниясына — 10 жыл. Тура дәл осы күні компаниямыздың тіркелгені туралы құжатын қолыма алғанда, толқығаным есімде. Шыны керек, ол кезде 10 жылдан кейін дәл бүгінгідей 30 филиалын ашып, қанатын кеңге жайған компания боламыз деп елестету қиын болатын. Бірақ еңбекқорлығымыз бен өжеттілігіміздің арқасында алға ұмтылдық, қиындықтарға мойымадық.


«Елу жылда-ел жаңа» демекші, он жыл да аз уақыт емес. Осы он жылға шыдас берген компаниялар елімізде тіпті әлемде некен-саяқ. Статистикаға сүйенсек, Қаржы нарығында жаңадан ашылған жеке компаниялардың 90 пайызы бірінші жылы жабылып қалады.

Әрине шүкір, жыл санап дамып келеміз!
Осы ретте, алғашқы күндерден бірге болған әріптестеріме, жұдырықтай жұмылған командама алғысымды білдіргім келеді.
Қазіргі таңда біздің мақсат айқын. Алдағы жылдары еліміздің қаржы нарығының басты ойыншысына айналғымыз келеді. Сол жолда аянып қалмай, командамен биік белестерді бағындырамыз деп сенемін!

Дулат Тастекеев

TasCredit компаниясының бас директоры

(Мәтін фейсбук парақшасынан алынды)

Ұқсас материалдар

2 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button