Талантты қазақ «Ұлы хан» атты әлемдегі алғашқы 3D мобильді ойынын әзірлеуде

ШЫМКЕНТ, Rastimes.kz — бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының ІІІ маусымының жеңімпазы- Алдияр Жұмажановтың қатысуымен баспасөз брифингі өтті, — деп хабарлайды Rastimes.kz сайты. Растаймыз!

Жақында кезекті «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының ІІІ маусымының жеңімпаздары анықталған болатын.

Топ жарған 32 қазақстандық жастың ішінде Шымкент қаласының мақтанышы — Алдияр Жұмажанов та бар.  Алдияр 24228 дауыс жинап, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының 2019 жылғы жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан қазақстандық жастарының тізіміне мобильді ойындар жобасымен енген.

Алдияр Жұмажанов — мобильді ойындар продюсері. «Ұлы Сұлтан», «Түс шеберлері» секілді ойындарды ойлап тапқан. Қытай, ағылшын тілдерін жетік меңгерген жас Қытайдың Xiamen қаласында тұрып, Mechanist Games компаниясында еңбек етеді. Қазіргі уақытта ежелгі қазақ елі туралы «Ұлы хан» атты әлемдегі алғашқы 3D мобильді ойынын әзірлеу үстінде. 

Мобильді ойындар продюсері жоба туралы: «Бұл ойын біздің мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді, өмір салтымызды, тарихымызды әлемге танытады. Болашақта мен венчурлық инвестиция тартып, Қазақтандағы IT нарықты дамытуға үлес қосқым келеді. Бізде елге қызмет еткісі келетін дарынды жастар өте көп.

Сонымен қатар, IT мектеп ашу жоспарымда бар, себебі біздің жастар білікті де білімді бағдарламаушы мамандармен тең болуы керек. Тек жергілікті деңгейде ғана емес, әлемдік деңгейдегі мамандармен иық тірестіре алатындай болуы тиіс деп санаймын», — деді Алдияр Жұмажанов бүгінгі баспасөз брифингінде.

Rastimes.kz ақпарат агенттігі

  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Перейти к верхней панели