Без рубрики

Тағдыр: Француз футболшысы 38 жылдан бері комада жатыр

Француз футболшысы Адамс Жан-Пьер 1982 жылдан бері комада жатыр. Биыл наурыз айында ес-түссіз, қимылдамай, тек жүрегі соғып, өмір мен өлім арасында жатқанына 38 жыл болады, жасы дәл қазір 71-де.

1981 жылы жиі жарақаттана беріп, футбол ойнауды доғарды. 1982 жылы 17 наурызда тізесіне ота жасату үшін Лиондағы клиникаға барады. Ол кезде қалада хирург деген мүлде тапшы, бір мезетте бірнеше адамды операция жасауға тура келеді. Жан-Пьерді емдейтін дәрігер (жанында тәжірибесіз жас көмекшісі бар) оңбай қателесіп, тізеге емес, сап-сау басына (дәлірегі, миға) ота жасап жібереді. Нәтижесінде футболшының миының біраз бөлігі қайта қалпына келмей қалады да, Жан-Пьер мәңгі қозғалыссыз жатып қалады. Осылайша ол үшін өмір 1982 жылы тоқтап қалған.

Қазір ол өз үйінде жатыр. Жалғыз күтушісі — әйелі Бернадетт Адамс. 38 жыл бойы күйеуінің жанынан бір елі ұзаған емес, күйеуін фотоға немесе видеоға мүлде түсіртпейді.

Бернадетт медицина саласындағы жаңалықтарды үзбей қарап отырады. Бар арманы — күйеуінің ми талшықтарын қалпына келтіре алатын өркениет заманына тез жету. «Тым құрығанда күйеуім бес минутқа өмірге қайта келсе ғой. Сөйлесер ем, ұзақ жылдар бойы мен қатты сағынған оның даусын тыңдар ем. Содан кейін өле кетсем де арманым жоқ» дейді әйелі.

Мұндай махаббатты әлемнен табу қиын… Әйелінің тағы бір арманы күйеуінен кейін қайтыс болу, одан бұрын өле кетсе, қимылсыз жатқан бір кездегі жұлдыз футболшының халі бұдан да мүшкіл болары сөзсіз.

Мықтыбек Оразтайұлы

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button