ЖаңалықтарСпорт
Trending

Сіз білмейтін чемпион: Асудан асып, белесті бағындырған жан

Түркістан облысы  Сайрам ауданының Жібек жолы Сиқым ауылында 1991 жылы 10-шы қарашада Қалымбетовтер шаңырағында   ұл бала  дүниеге  келді. Бұл кезде Жорабек әке мен Шолпан ана шаңырағында Серік есімді ұл және Айгерім есімді қыз тәрбиелеп  отырған отбасы болатын.

Жалғыз ұлының артынан ерген нәрестеге Ермек деп ат қойған ата ананың  қуанышында шек болмады. Алайда , дәрігердің алдында отырып естіген жаңалығы Шолпан ана мен Жорабек әкенің  қуанышын су сепкендей басып, ойын сан-саққа жүгіртті. Сіздің ұлыңыз тума мүгедек ол ешқашан жүре алмайды бас тартам десеңіздер ерік өздеріңізде деген сөзді есітіп тұрған Шолпан ананың  басы айналып,көзі қарауытып отырып қалды. Алайда, жатырында тоғыз ай он күн көтерген бауыр етінен жаратылған  баласын жүре алмайды деп   тастап кету, Шолпан анаға  жүрегіңді тастап кет дегенмен бірдей еді. Шошынған анаға Жорабек ағаның  кандай болса да бұл біздің  ұлымыз  тастай алмаймыз деген сөзі қамшы болды ма,  есін тез жиып нәрестелерін алып ауруханадан шығып кетті.  Бұл да бір алланың жіберген сынағы болар, бар күш жігерімді жұмсасам да  ұлымды әлі әлемге танытам деп  Шолпан ана  өзіне серт берді.   Бүгінгі таңда көрер күннің қиындығын бірге көрерміз деген ананың берген серті сақталғандай,үміті ақталғандай.

Бұл  1-ші топ мүгедегі  2016-жылы қарашада Қытайда өткен спорттық Қол арба би жарысынан Азия чемпионатынан  1-орын жүлдегері,  2017-жылы Әлем чемпионатына жолдама алуға қатысып 1-орынды иемденген.

Бельгияда өткен әлемдік додада 22-мемлекет арасынан 5-орын жүлдегері, 2018 жылдың қыркүйек айында Тайвань мемлекетінің астанасы Тайбэй қаласында Әлем чемпионатына жолдама алуға қатысып, тағы да 22 мемлекеттің қатысушылары арасынан І-орынды жеңіп алған, 2019 жылы сәуір айында Голландия мемлекетінде өткен Халқаралық спорттық қол арба би жарысының екі түрінен  1.2.-ші орындар алып, әлем чемпионатына жолдаманы ұтып алған,   2019 жылы қыркүйек айында Ресей мемлекеті Санкт-Петербург қаласында өткен  Қол арба би жарысынан Әлем кубогінің 3-ші орын жүлдегері,  Қытай мемлекетінің жанында орналасқан автономиялық мемлекеті Тайвань елінде халықаралық спорттық қол арба би жарысының 2.3-ші орын иегері, 2019 жылдың 27 қараша айы мен 1 желтоқсан айы аралығында  Германия мемлекетінің Бон қаласында өткен мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы   спорттық қол арба би жарысынан Әлем чемпионатының 3 орын қола жүлдегері  иесі    атанған Қалымбетов Ермек Жорабекұлы  еді.

Бала кезінен мүгедектерге арналған қол арбаға таңылған Ермектің өмірге деген құштарлығы мен қүресін   қалыптастырған жыласа бірге жылап куанса бірге қуанған Жорабек әке мен  Шолпан ананың  қосқан үлесі  зор.

1998 жылы 7 жастағы Ермек  Төлеби ауданындғы Көксәйек ауыл округында  орналасқан Тірек қимыл апараты бұзылған, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мектеп интернатына 1 сыныпқа қабылданды. Өзі секілді мүмкіндігі шектеулі жандар арасында Ермектің қоршаған ортаға үйренуіне және қалыптасуына  достары үлкен үлес қосып  сол жерде 9 жыл білім  алды.  2007-2009 жыл Ермек үйде оқу тәсілімен  10 мен 11-ші сыныпты аяқтап шығуына  анасы Шолпанның білікті  де білімді ұстаз мамандығы көптеп жәрдем етті. 2010-2013 жыл аралығында Сайрам ауданында орналасқан Агро колледжде Программист маманы бойынша бітіріп дипломын алды . Осы тұста айта кететін жәйт Ермек  бүгінгі таңда қызмет атқарып жүрген  «№5 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік  мекемесіне   2008 жылы  қызмет алыушы болып қабылданып, сол жерде өмірін басқа арнаға бұрған бүгінгі жетістіктерінің алғашқы кірпішін қалаған тұңғыш бапкері Орынбаев Арыстанбек ағайымен танысады.

Қол  арбамен қашықтыққа жүгіру спорт түрімен айналысып  біршама жеткен  жетістіктері де қуантарлық. 2009  және 2013 жылдары ҚР –ның 3-ші спортакиядасының чемпионы, 2010, 2011, 2012, 2016 жылдары ҚР чемпионы , 2016 ж ҚР-ның кубогы ҚР –ның чемпионаты Қытай халық республикасының Автономиялық мемлекеті Тайбэй елінде өткен Азия чемпионы, 2019  ҚР-ның паралимпиада чемпионы титулдарын иемденген.

Осы дайындықтар барысында қол арба би спортының жаттықтырушысы Жұмаділлаева Дария  Амангелдіқызының көзіне түскен Ермектің спорт жетістіктері әлемдік деңгейдегі жарыстарға есік ашты .

Міне осы бастамаларға себепші болған Г.Лесбекқызы басқарып отырған «№5 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2015 жылдан бастап музыкалық жетекші болып қызмет атқарып келеді.

Бүгінгі таңда Ермек 2020 — жылы отбасын құрып, шаңырақ көтеріп, ата-анасының қуанышын көкке көтеріп отырған жайы бар.

Қазақ елінің көк туын озге мемлекеттердің қөгінде желбіреткен,   мүмкіндігі шектеулі  жандар арасында шексіз мүмкіндік иесі, үлкен мотиватор.

Rastimes.kz сайты

 

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button