Қала

Шымкенттің үздік жастары марапатталды

ШЫМКЕНТ, Rastimes.kz — Шымкент қаласының қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, түрлі салаларда жетістіктерге жеткен жастарды Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов марапаттады, деп хабарлайды Rastimes.kz сайты. Растаймыз!

Шаһар басшысы Ерлан Айтаханов алдымен мегаполистің белсенді жастарын келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Ерлан Қуанышұлы Шымкент қаласы әкімінің «Үздік жастар» байқауының жеңімпаздарына диплом мен қаржылай сыйлықтар табыстады.

Биыл тоғызыншы рет ұйымдастырылған байқау мәдениет, өнер, білім, ғылым, әлеуметтік, халыққа қызмет көрсету сынды түрлі салаларды қамтыған.

Жыл үздігі Азат Дидарбек

Жастарға қолдау көрсетіп, олардың жеткен жетістігін насихаттау мақсатында жыл сайын ұйымдастырылатын байқауға 14-29 жас аралығындағы 126 үміткер қатысып, іріктелді. Байқау комиссиясының қорытындысымен 34 жас өз салаларында үздік деп танылып, марапаттауға ұсынылды. Ішінде жастарға белгілі ақындар Бауыржан Ерман, Салтанат Мадиярқызы, фото-тілші Азат Дидарбек, әнші Салих Калиев, журналист Сағындық Жанысбаев, әдебиетші Әзімхан Исабек те бар.

Фото: Б.Сейітжаппар

Rastimes.kz ақпарат агенттігі

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button