ҚалаҚоғам

ШЫМКЕНТТІКТЕР ІЗГІЛІГІ ҮШІН МАРАПАТТАЛДЫ

ШЫМКЕНТ, Rastimes.kz – Шымкент қаласында Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара өтті. Растаймыз!

Nur Otan партиясының Шымкент қалалық филиалы мен Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ұйымдастыруымен және қайырымдылық қорларының белсене қатысуымен 16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған іс-шара өтті.

Жиында байрақты еліміздің дамуында еңбегі елеулі азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды. Сонымен қатар, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курсын тәмамдаған 30 қатысушыға тігін машиналары мен кондитерлік пештер сыйға тартылды.

Бұл — кәсіп бастауды мақсат еткен азаматтарға зор қолдау. Үшінші мегаполисте «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы» аясында кәсіптік-техникалық мамандарды даярлауға ерекше ден қойылып отыр.

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ғалымжан Балтаевтың айтуынша, қалада қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жыл басынан бері 4 мыңнан аса азамат жолданған.

Сонымен қатар ол бос жұмыс орындарына азаматтарды жолдау жұмыстары да жүйелі жүргізіліп келетінін атап өтті. Яғни, жыл басынан бері 15 мыңға жуық азамат тұрақты жұмысқа орналастырылған.

Rastimes.kz ақпарат агенттігі

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button