ҚалаҚоғамӘлеумет

ШЫМКЕНТТІКТЕР ӘР КҮНІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАЙДЫ

ШЫМКЕНТ, Rastimes.kz – Шымкенттіктер қайырымдылық жасауды күн тәртібіне қойды. Қайырымды қаланың тұрғындары бір-біріне көмек көрсетеді, — деп хабарлайды Rastimes.kz сайты. Растаймыз!

Бүгін Қазақстандықтар үшін атаулы мереке Тәуелсіздік күніне арнап Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мен «Ізгілік» қайырымдылық қорының бірлескен қайырымдылық іс-шарасы өтті. Бүгінгі шарада аз қамтылған, көпбалалы 30 отбасыға азық-түліктер мен киім-кешектер таратылды.

«Ізгілік» қайырымдылық қоры қала тұрғындарына үлкен көмегін тигізуде. Мұндағы қызметкерлер ешқандай жалақы алмайды. Бәрі осы қызметке саналы түрде қосылған. Азаматтық позициясына берік еріктілер халық үшін аянбай қызмет етуде.

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ғалымжан Балтаев пен орынбасары Нұрғали Егембердиев шараға арнайы қатысты. Тамсандырары осы шығар, екі басшы да көмек алуға келген аналарға білек сыбана қызмет көрсеткен.

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button