Әдебиет
Trending

Шымкенттік қаламгерлер республикалық байқауға жолдама алды

ҚР Педагогикалық ғылымдар академиясының ұйытқы болуымен өтіп жатқан Республикалық жыр мүшәйрасының қалалық кезеңін Silkway Халықаралық университеті өткізді, деп хабарлайды Rastimes.kz сайты.

Байқаудың қалалық кезеңіне мегаполюсімізден 37 жұмыс бақ сынап, ең үздік деп танылған 3 жұмыс байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды.

Байқауда белгілі ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Абайтанушы Абай Қалшабек , Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, 2015 жыл «Жылдың үздік ақыны», «Алтын қалам-2016» номинациясының иегері Дәурен Айманбет және журналист, «Қызмет» газетінің бас редакторы Нарымбетова Бейсенкүл сынды белгілі тұлғалар қазылық етті.

Байқау қорытындысына сәйкес қатысушылар арасынан ерекше көзге түсіп, қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланған Нұркен Нұрғазы, Әзімхан Исабек және Бейбітбек Ақбота республикалық кезеңге жолдама алды.

Байқаудың өтуіне қолдау білдірген Silkway Халықаралық университетінің президенті Мадияр Бахтиярұлына үлкен алғыс білдіреміз.

Rastimes.kz сайты

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button