ҚалаҚоғам

Шымкенттік полицей ерлік жасады

Шымкент қаласының Полиция департаменті «Қаратау» ауданы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Айтмұхамедов Ерлан Алмаханұлы ішкі істер органдарында 2014 жылдың 21 маусымынан бастап қызмет атқаруда.

27.07.2017 жылы Ерлан Айтмұхамедов суға батып бара жатқан жасөспірімді құтқарып, судан аман алып шығып, ағашқы көмек көрсетеді. Жасөспірім өзенге түсіп кеткен аяқ киімін алмақ болған кезде суға құлап кеткен. Өзеннің ағысы қатты болғандықтан жағаға шыға алмаған.

Ерлан Айтмұхамедов Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Rastimes.kz ақпарат агенттігі

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button