ҚалаӘлеумет

ШЫМКЕНТТІК ДИРЕКТОР ОҚУШЫЛАРЫН ҚУАНТТЫ

ШЫМКЕНТ, Rastimes.kz — Шымкент қаласындағы жалпы орта мектептің директоры оқушыларына тосын сый жасады, — деп хабарлайды. Растаймыз!

Бүгін Қазақстан Республикасының Тәуелдік алған күні.

Қазақ халқы елі үшін адал қызмет еткен талапты адамды «уызына жарыған» дейді. Қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздігін уызына жарыған ұрпақ алып, сақтап келе жатқанына жуырда 30 жыл толады.

Тәуелсіздіктің баянды болуына үлес қосып жүрген азаматтардың бірі, қоғам белсендісі, ақын-жазушылардың жанашыры, Нұр Отан партиясының Қаратау ауданы «Қайнар бұлақ» бастауыш партиясының төрағасы, №83 жалпы орта мектебінің директоры — Берікбай Елтайұлы Михеев.

16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай, Б. Михеев бастаған қайырымды топ Қайнар-бұлақ саяжайында орналасқан аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға азық-түлік үлестірді.

Ұлы Абайдың «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деген сөзін ұран еткен азамат, басына күн туған әр қазаққа «Әр қазақ менің жалғызым» деп қол ұшын беруге дайын.

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов «Қайырымды қала — Шымкент» деп бекер атамады. Қалада қайырымды жандар көп болғандықтан, тұрғындары ашық-жарқын, жайдары болғандықтан «Қайырымды қала тұрғындары» деген керемет атаққа ие болды.

Әлемде қайырымды жандар көбейсе, қайырымсыз орта жоғалады. Ал, оны «қайырымды қаланың тұрғындары» ғана өзгерте алады!

Rastimes.kz ақпарат агенттігі

Ұқсас материалдар

3 Comments

  1. Керемет. Берікбай Елтайұлының жүрегі кең түсінігі мол адам. Алдына көмек сұрап барсаң еш жоқ демей қол ұшын беруге дайын. Осы мектептің ата-аналарына да мұғалімдеріне де қолынан келгенше көмек беріп қолдау көрсетіп жүргеніне куәмын. Бұндай қайырымдылықты ағай жылда өткізіп тұрады. Осындай қайырымды жанашыр азаматтар Қазақстанда көп болса екен.

  2. Жақсының жақсысын айт,нұры тассын! Берікбай Елтайұлы өте қайырымды.Оған куə болған мектеп ата-аналары мен мұғалімдерінің құрметі шексіз! Б.Елтайұлы Қайырымды қала-Шымкенттің нағыз абзал азаматы.Осындай азаматтардың болғаны өте қуантады.

  3. Берик Ельтаевич спасибо за заботу Вы самый добрый человек

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button