Шымкенттіктер батыр аналарға көмек көрсетті

ШЫМКЕНТ, Rastimes.kz — Шымкент қаласының Қаратау ауданы Нұр Отан партиясының «Қайнар-бұлақ» бастауыш партиясының төрағасы Берікбай Михеев 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға тосын сый жасады, — деп хабарлайды.

Қайырымды қала — Шымкент қаласының белсенді тұрғыны, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы Нұр Отан партиясының филиалы «Қайнарбұлақ» бастауыш партиясының төрағасы Б.Е.Михеевтің басшылығымен Қайнарбұлақ саяжайының әлеуметтік жағдайы төмен аз қамтылған отбасыларын 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күнімен құттықтап барды.

Қаратау ауданы Нұр Отан партиясының «Қайнар-бұлақ» бастауыш партиясы әр мерекеде мектеп оқушыларын ерекше тосын сый жасап, қуанышқа бөлейді.

Қайырымды қаланың тұрғындары осылай өмір сүреді!

Rastimes.kz ақпарат агенттігі

  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
Перейти к верхней панели