Без рубрики

Шымкенттік дәрігерлер 6 адамды қауіпті вирустан құтқарды

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 27 сәуір күні қалада коронавирус инфекциясынан тағы алты адам емделіп шықты.

1962 жылы туған Шымкент қаласының тұрғыны 5 сәуір күні қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына коронавирус инфекциясымен жатқызылған. Науқастан «COVID-19»-ға алынған талдаулар оң нәтиже көрсеткен. Қалған бес ем алушының барлығы 11 бен 58 жас аралығындағы қала тұрғындары.

Алты азамат та вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алған. Емдеу терапиясынан кейін науқастардан анализ сынамалары алынып, теріс нәтиже көрсетті.

Осыған орай, олар 27 сәуір күні ауруханадан шығарылды.
Бүгінде қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасында коронавирус инфекциясына шалдыққан 29 науқас дертінен айығып шықты.

Шымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штабы

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button