ЖаңалықтарҚала
Trending

Шымкенттік балақай жедел жәрдемде өлең оқып, елді таңқалдырды

Шымкенттік балақай жедел жәрдемде өлең оқып, елді таң қалдырды, деп хабарлайды Rastimes.kz сайты.

Шымкентте шақыртуға шыққан жедел медициналық жәрдем көрсету станциясының қызметкерлері ерекше оқиғаға тап болды.

Айқап шағынуданындағы 80 жастағы науқасқа көмек көрсетіп, қайтып бара жатқан жедел жәрдем станциясының №1 бригадасына сол үйдің немересі келіп, алғысын арнау өлеңмен білдірген.

ШЫМКЕНТТІК БАЛАҚАЙ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АЛҒЫСЫН БІЛДІРДІ Шымкентте шақыртуға шыққан жедел медициналық жәрдем…

Опубликовано Шымкент Келбеті Ресми Парақшасы Пятница, 16 октября 2020 г.

— Төсек тартып жатқан науқасқа медициналық көмек көрсетіп, көлігімізге заттарымызды қойып жатқанда сол үйдің немересі «Сіздерге өлең оқып беруіме бола ма?» деп сұрады. Дала қараңғы болатын. Балақай көліктің ішінде алғысын әсерлі өлең жолдарымен жеткізді. Мұндай жәйттер жиі бола бермейді. Әрине,  рақметін айтып, ризашылық білдіретіндер бар. Бірақ, дәл осы балақай секілді өзінің ықылас лебізін өлең жолдарымен айтқан жағдай еңбек жолымда бірінші рет кездесіп отыр. Қуанып қалдық. Бексұлтан есімді балақайдың талабына нұр жаусын. Әжесінің деніне саулық берсін, — дейді фельдшер Маратбек Керімқұлов.

Айта кетейік, жедел медициналық жәрдем көрсету станциясына 16.10.2020 ж. сағат 19:03 минутта Айқап шағынауданына 80 жастағы науқасқа шақырту түскен. Шақырту құрамында дәрігер Айгүл Скендирова, фельдшер Марат Керімқұлов, көлік жүргізушісі Мұқан Тұманбаев болған.

Азамат Жаппар

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button