ҚалаӘлеумет

ШЫМКЕНТТІК АНАЛАР ТАҒЫ БІР ҚУАНЫШҚА КЕНЕЛДІ

ШЫМКЕНТ, Rastimes.kz — Шымкенттік батыр аналар тағы да бір қуанышқа кенелді, — деп хабарлайды Rastimes.kz сайты.

1 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мен «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалы және Meyirim.kz электронды қайырымдылық порталының ұйымдастыруымен  «Nur Otan» партиясының мәжіліс залында  қайрымдылық іс-шарасы өтті.

Іс-шарада 1  желтоқсан — Тұңғыш Президент күніне орай, 20 аз қамтылған, көпбалалы аналарға өз кәсібін дамыту үшін техникалық бұйымдар табысталды.

Сонымен қатар, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы және Нұр Отан партиясының Шымкент қалалық филиалы мен «Meyirim.kz» электронды қайырымдылық порталы басшылары қайырымдылық шараларды бірлесе өткізу жөнінде үш жақтама меморандумға қол қойды.

Rastimes.kz ақпарат агенттігі

Растаймыз!

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button