ҚалаӘлеумет

Шымкенттік аналар бай болудың жолын тапты

ШЫМКЕНТ, Rastimes.kz — Мемлекеттің қолдауымен жүзеге асып жатқан «Менің кәсібім» жобасы республика көлемінде өз жалғасын табуда. Бұл жобаның тікелей авторы, белгілі дизайнер — Айжани Нұрланова.

Осы уақытқа дейін жоба ұйымдастырушылары республиканың барлық аймақтарына барып, кәсібін бастаймын деген ниеті бар біршама отбасыларға қолдау көрсетті.

Жоба иелері ендігі сапарын Қайырымды қала — Шымкентке де жасады. Шымкент қаласының барлық аудандарын аралап, кәсіп ашуға өтінім берген аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға кәсіпке қажетті құрал-жабдықтарды сыйға тартты.

Жоба — жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен жалғасын табуда. Аталған жоба үйде кәсіппен айналысып, балаларын асыраушыларға мол мүмкіндік беруде.

Күні кеше Шымкент қаласы, Абай ауданы, Жаңаталап ш/а тұрғыны Меңлікал Абдуллаға жоба өкілдері тарапынан су жаңа тігін машинасы мен оған қажетті құрал жабдықтар сыйға тартылды. Жалпы, Абай ауданы бойынша «Менің кәсібім» жобасына 6 адам өтінім білдірген. Олардың барлығына үйде отырып кәсіппен айналысу үшін қажетті дүниелер ұсынылуда.

Ұқсас материалдар

Бір пікір

  1. Мен Оз касыбым болганын калайсын аулда монша жок салгым келеды брак 6балашагам жимын кием диды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button