ЖаңалықтарМәдениет

Шымкенттен танымал фотомодель шықпақ

Салих Қалиев — фотомодель, М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дың студенті.

1996 жылы Өскемен қаласында туған. Дүние есігін ашқаннан ата-анасыз өмір мен жаратқанның тәніне берген дертіне қарамай, белсенді өмір сүруде. Мүмкіндігі шектеулі дейтіндерді тұқырта қоятын батыл азамат.

Туғаннан Шымкент қаласында тұрады. Шымкенттегі балалар үйінде тәрбиеленген. Бірнеше өнердің иесі. Ән салады. Қайырымдылық жасайды. Қоғамда белсенді. Ешкімнің қолдауынсыз сән әлемінде ерекше көзқараспен төбе көрсетіп келеді.

Бүгінге дейін Салих Қалиев Шымкентте бірнеше ән кешін берді. Концерттен түскен қаржыны балалардың қажетіне беріп, қайырымдылық жасайды.

Атап айтсақ, оның «Менің жолым», «Анаға сағыныш» атты ән кеші өтті. 2020 жылы «Жарығыңды тап» деген атпен ән кешін ұйымдастырмақ.

Салих Қалиевтің галереясына назар аударыңыз:

Rastimes.kz ақпарат агенттігі

Ұқсас материалдар

Бір пікір

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button