Қала

Шымкенттегі барлық блок-посттар алынды

Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес 1-ші маусымнан бастап Шымкент қаласындағы бұғаттау-бекеттері алынды! Қаланың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері А.Тулебаевтың 30 мамырдағы № 19 Қаулысына сәйкес аудан, облысаралық жолаушылар қатынасына жол ашылды. Осы мақсатта ағымдағы жылдың 31 мамыр күні сағат 00:00-де Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов «Бадам» бұғаттау бекетіне арнайы барды. Онда шахар басшысы қаладағы 18 бұғаттау бекетінде 78 күн бұғаттау бекеттерінде тәулік бойы жұмыс жасаған Полиция Департаментінің бастығы, полиция генерал майоры Ералы Жумаханбетов басқаратын жеке құрамның еліміздегі коронавирус инцекциясымен күресуде қосқан үлесі үшін ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

Шымкент қаласындағы 18 бұғаттау бекеттері 200 арнайы көлік құралдарымен қамтамасыз етілді. 78 күні Полиция департаментінің 1000 қызметкері, уақытпен санаспай тәулік бойы өз міндеттерін атқарды. Маңызды объектілерді, медициналық мекемелер мен карантиндік аймақтарды күзетті. Қазіргі таңда, коронавирус инфекциясын алдын-алу және таралуын болдырмау мақсатында жалпы 158 арнайы автокөліктермен жабдықталып, 1912 қызметкерлер мен сарбаздар жұмыс жасады. Қоғамдық тәртіпті сақтау үшін полиция мен Ұлттық ұлан жасақтары көшелер, саябақтар мен аулаларды, сауда нысандарына да бақылау жасады. Өзін-өзі оқшаулау және шектеу тәртібі полиция қызметкерлерінің жұмыс режимін күшейтті. Осы шаралардың арқасында Шымкенттегі қылмыс саны 42,8 пайызға төмендеді. Мұндай күшейтілген режимде полиция және ІІМ-нің өзге де құрылымдары алғаш рет жұмыс істеді.

Шымкент қаласына кіретін және шығатын бұғаттау бекеттерінде осы күнге дейін барлығы 220 711 автокөлік тексерілсе, оның 89 631 көлік құралдарының өтуіне рұқсат берілмеді: Ал арнайы «Сергек» базасына тіркелген 131 080 автокөлік қала ішінде еркін жүріп тұруына рұқсат берілді. Жүргізушілер мен жолаушылар саны –180 677 адамды құрады.

Бұғаттау бекеттерінде қызмет атқарған полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін 12 тұлғаға қылмыстық іс-қозғалып, тергеу жүргізілуде. Атап айтқанда: Қылмыстық Кодекстің 378 бабы (Билік өкілін қорлау) -4, 379 бабы (Билік өкіліне бағындау) -3 және 380-бабы «Билік өкіліне қатысты күш қолдану» бойынша -5 іс қозғалды. Бұл шаралардың барлығы тұрғындардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бағытталған еді.

Дегенмен, қалада коронавирус инцекциясын жұқтыру қауіпі әлі де жоғары. Сондықтан, азаматтар санитарлық талаптар мен сақтық шараларын қатаң сақтауы қажет.

Сурет авторы — Әссет Әссанди

Rastimes.kz ақпарат агенттігі

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button