ҚалаҚоғам

ШЫМКЕНТТЕ ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНАНЫҢ ҮЙІ ӨРТЕНІП КЕТТІ

Шымкент қаласының Қаратау ауданына қарасты Қайнар бұлақ саяжайының 48 жастағы тұрғыны, жалғызбасты ана Бекбосинова Гулмира Боранбайқызының баспанасы өртеніп кетті. Қарашаның 15 күні таңғы 7:30 шамасында Бекбосинова Гулмира жалғыз ұйықтап жатқан 10 жастағы қызы тоңып қалмасын деп, пешке от жағып, жұмысына кеткен. Көп ұзамай пештің құбыры түтін тартпай, үй іші көк түтінге оранған. Салдарынан үлкен өрт шығып, үйді түгел шарпыған. Абырой болғанда өрт сөндірушілер уақытында келіп, алапат өрттің бетін қайтарды. Ал, қызы түтінге ентігіп, ауыр хәлде №6 қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне түскен.

Анасы Бекбосинова Гулмира «AZALA текстиль» фабрикасында қосылқы жұмысшы боп істейді. Күйеуі осыдан бірнеше жыл бұрын жол апатынан қайтыс болған. Бүгінгі таңда үйде қызы екеуі ғана тұрады.

Жалбасты ананың жан дегенде жалғыз қызының мүмкіндігі шектеулі. Туғанда мойын омыртқасы қисайған. Осы уақытқа дейін Гулмира қызын емдете алмай, мүгедектікке берілетін жәрдемақысын да ала алмай жүр. Өзінің де денсаулығы күннен күнге сыр беріп жүргенін айтады.

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button