Без рубрики

Шымкентте вирус жұқтырғандар саны 62-ге жетті

Бүгін таңда Шымкент қаласының 4 тұрғынының коронавирус жұқтырғандығы анықталды. Толығырақ:

Ауру жұқтырған азаматтар 1964ж, 1984ж, 1985ж, 1991 жылғы Шымкент қаласының тұрғындары. Науқастар 17-сәуір күні коронавирус инфекциясы анықталған 1966 жылғы адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

19.04.2020 жылы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 62 адам анықталды.

Rastimes.kz ақпарат агенттігі

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button