ЭкономикаҚалаӘлеумет

ШЫМКЕНТТЕ «МЕНІҢ КӘСІБІМ» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

ШЫМКЕНТ, Rastimes.kz — Шымкентте «Менің кәсібім» жобасы жүзеге асуда, — деп хабарлайды Rastimes.kz сайты. Растаймыз!

Табысы аз, көпбалалы отбсыларға және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған адамдарға өз ісін ашуға мүмкіндік беретін жоба, Шымкентте жүйелі жүргізілуде. Бүгінде қайырымды шараның шарапатын көріп отырған жанұялар бар.

Шымкент қаласы бойынша аталған жобаға 23 отбасы тіркелген. Солардың біреуі Мадина Тайжанова. Ол төрт баланың анасы. 3 перзентінің мүмкіндігі шектеулі. Бұған дейін ол көже, самса сынды тағамдарды көше аралап саудалап келсе, енді оған аталған жоба аясында құны 400 мың теңгелік чикен, гриль аппараты табыс етілді.

Мадинаның отбасының қуанышын бөлісуге Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ербол Садыр арнайы қатысып, олардың бастап жатқан кәсібіне сәттілік тіледі.

Rastimes.kz ақпарат агенттігі

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button