Қала

Шымкентте мектептер үш емес, екі ауысымда білім береді

ШЫМКЕНТ, Rastimes.kz — Бүгін Шымкент Қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Зоя Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейінебарды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 1480 орындық мектеп 1961 жылы салынған. Бүгінде мұнда 4800 бала білім алып жүр. Сол себепті қазынадан қаржы бөлініп, бүгінде білім ошағына жапсарлас 300 орындық ғимарат салынып жатыр.

Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан «Өмірзақ» құрылыс компаниясы нысанды тамыз айында тапсырмақ. Жаңа оқу жылынан бастап оқушылар мұнда екі ауысыммен оқи бастайды.


Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button