ИдеологияӘдебиет

Шымкентте «Мәртебелі поэзия мінбері» алаңы ашылды

ШЫМКЕНТ, Rastimes.kz — Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың Жеті қыры» бағдарламасы аясында Шымкент қаласының әкімі Ерлан Қуанышұлы Айтахановтың қолдауымен «Жеңіс» саябағында «Мәртебелі поэзия мінберінің» ашылу салтанаты өтті, — деп хабарлайды Rastimes.kz сайты. Растаймыз!

Мемлекетіміз жастарға жан-жақты бағыт, бағдар беріп, тың идеяларына қолдау көрсетіп келеді. Осындай игі бастамалардың бірі — жақында ғана Шымкент қаласы әкімінің бастамасымен әдебиет саласында қаламын ұштап жүрген шығармашыл жастардың үздік туындылары жинақталған «Жаңа ғасыр әуендері» атты жас ақындар поэзиясының антологиясы жарық көрген еді.

Поэзия бұрышында алдағы уақытта қала тұрғындары арасында мәдениетті насихаттау мен дамытуға бағытталған әдеби кештер, жазушылар және ақындармен кездесулер, шығармашылық іс-шаралар мен философиялық лекциялар өтілетін болады.

Салтанатты жиынға Шымкент қаласы әкімі Ерлан Қуанышұлы Айтаханов мырза арнайы келіп, қаламгер жастарға ыстық лебізін жеткізіп, шығармашылық шабыт тіледі.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының Жазушылар Одағының төрағасы Есдәулет Ұлықбек Оразбайұлы сөз алып, құттықтауын жеткізді.

Жиын соңында жыр өлкесіне нық қадам басқан Сүндет Сейітов, Арайлым Мұраталиева, Мақпал Төребек және сол секілді жас ақындарға сәттілік тілеп, үлкендер батасын берді.

Rastimes.kz ақпарат агенттігі

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button