Әдебиет

ШЫМКЕНТТЕ М.ШАХАНОВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ

ШЫМКЕНТ, Rastimes.kz — Бүгін Шымкент қаласындағы «Түркістан» сарайында ақын, драматург Мұхтар Шахановтың «Бөдене таланттар мен Қажымұқандар» атты шығармашылық ән-жыр кеші өтті, — деп хабарлайды Rastimes.kz сайты. Растаймыз!

Ақынның шығармашылық кешіне арнайы қатысқан Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Мұхтар Шахановтың қазақ әдебиетінің абызы ретінде елімізге сіңген орасан зор еңбегін атап өтті.«Елбасы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында ұлттық жаңғыру ұғымы — ұлттық сананың кемелденуін білдіретінін айтып, қазіргі таңда ұлттық сана-сезім көкжиегін кеңейту керектігіне тоқталған болатын. Ал осы көкжиекті кеңейтетін ақын-жазушылар екені айтпаса да түсінікті.

Олар халықты рухани сусындатып, саналарына ұлттық кодты сіңіруге тырысады. Ал ұлттық код – Мәңгілік Елге бастар қадам. Осы бағытта қазақ әдебиетінің абызы ретінде елімізге орасан зор еңбегіңізді ерекеше атап өткім келеді. Мұхтар Шаханов — әлем ақыны. Себебі, қазақтың Мұхтарын әлем мойындаған», — деді Ерлан Қуанышұлы.

Кеш барысында көрермендер қаламгер жайындағы деректі фильмнен рухани азық алды.Шахановтың «Жұбайлар жыры», «Туған күн кешінде», «Гүл дәурен», «Мен саған ғашық едім» атты әндері ел аузында. Сонымен қатар, бірнеше өлең кітаптарының және халық арасына кең тараған бірқатар әннің авторы. Балладалары мен поэмалары дүние жүзі халықтарының 20-дан астам тіліне аударылған. «Махаббат заңы», «Сенім патшалығы», «Сократты еске алу түні» атты драмалары республикамызда және шетел театрларында қойылған.

Рухани кеште Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, эстрада әншісі Хадиша Шалабаева және әнші Сандуғаш Стамғазиева ақынның авторлық әндерін шырқап, қазақ рухын асқақтатты. Сонымен қатар, Шымкент қаласы мәдениет үйінің әншілері және қара өлеңді жанына серік еткен Шаханов ізбасарлары ән-жырдан шашу шашты.

Сондай-ақ, бүгін қаладағы “Отырар” кітапханасында дарабоз ақынның “Өркениеттің адасуы” кітабының тұсауы кесіліп, “Жалын” журналының 50 жылдығы аталып өтілді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button