Жаңалықтар

Шымкентте коронавируспен күресетін басқарма басшысы тағайындалды

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымына Позилов Бақытжан Жолдасбекұлы тағайындалды.
Бақытжан Жолдасбекұлы 1980 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туылған. Білімі жоғары, мамандығы бойынша дәрігер-травматолог.

Еңбек жолын Шымкент қаласындағы мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемесінің аға мейіргері болып бастаған. Кейін Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында оқытушы, Шымкент қалалық жедел жәрдем станциясының жедел жәрдем дәрігері, «Дәрігер Орынбаев» медициналық орталығында бөлім меңгерушісі, директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары, бас дәрігері болып еңбек еткен.
2018 жылдың наурыз айынан бүгінгі күнге дейін «Медикер ЮК» медициналық орталығының бас директоры қызметін атқарып келген.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button