Қала

Шымкентте коронавируспен ауырғандар саны 2048-ге жетті

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты брифинг өтті. Баспасөз мәжілісіне Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Рустам Албаев, қалалық жедел жәрдем көрсету станциясы бас дәрігерінің орынбасары Шолпан Оспанова қатысты.

Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысы Рустам Албаевтың айтуынша, қалада коронавирус инфекциясымен ауырып жатқан 2084 науқас тіркелген. Оның 45 пайызы – симптомсыз. Провизорлы стационарлардың төсек қоры 89 пайызға жүктелген. Ал дәрі-дәрмектің екі айлық қоры бар.

Айта кетсек, бүгінде қалада бүгін 500, ал жексенбі күні 200, дүйсенбі күні 500 провизорлы орын ашылады. Сондай-ақ, 51 мекемеде 628 төсек-орындық күндізгі стационар ашылып, мамандар демалыссыз жұмыс істейді.

Rastimes.kz ақпарат агенттігі

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button