Қала

Шымкентте коронавирус жұқтырғандар 2 есеге көбейді

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 60 адам тіркелді (17.05.2020 жылғы сағат 23:59 — дегі мәлімет бойынша).

ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 60 адамнан COVID-19 диагнозы нақтыланды: олардың 1-і Атырау облысынан келген, 58-і вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған және 1-і ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған. Тиісінше барлығы инфекциялық стационарға жатқызылған.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.

Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін, науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі уақытта қала бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 404 адам анықталды.

Хабарландырамыз!

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Елімізде карантин шаралары жалғасады. Осы орайда, Шымкент қаласында шектеу шаралары қатаң сақталады. Өйткені, коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупі толық аяқталған жоқ.

Бұл ретте қала тұрғындарының адамдар көп жиналатын жерге бармағандары дұрыс. Барлық дүкендер мен кәсіпорындар, қоғамдық көліктер барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтауы тиіс.

Шымкент қаласының бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаевтың қаулысына сәйкес, қала тұрғындары үнемі бетперде тағуға міндетті. Сақтық шараларын қатаң назарда ұстайық! Карантин тәртібін бұзғандар жауапкершілікке тартылатынын назарларыңызға саламыз.

Rastimes.kz ақпарат агенттігі

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button