Без рубрики

ШЫМКЕНТТЕ «КӘСІПОДАҚ – ҚАМҚОРШЫМ» ФОРУМЫ ӨТТІ

ШЫМКЕНТ, Rastimes.kz — «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен форумда 2 миллионнан астам мүшесі бар еліміздегі ең ірі кәсіподақ ұйымының белсенділері, салаға еткен еңбегі елеулілер марапатталды, — деп хабарлайды Шымкент келбеті газетінің тілшісі. Растаймыз!

Жиында кәсіподақтықтардың жыл бойына атқарған тындырымды жұмыстары қорытындыланды. «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Бекжанов әріптестерінің жемісті жұмыстарына ризашылығын білдіріп, мәртебелі марапаттарды салтанатты жағдайда табыстады. Түркістан облысы әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен кәсіподақ ардагері Камил Бикенин, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Серік Әуесханов, «ҚР Кәсіподақтар Федерациясы РКБ» активтерін басқару бойынша дирекцияның «Южказпрофсервис» ЖШС директоры Қаппар Есенов, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Түркістан облыстық ұйымы» ҚБ төрағасы Бақыт Еркінбек марапатталды.

Айта кетейік, биыл «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі үшін табысты да қыруар жұмысқа толы қарбалас жыл болды. Кәсіподақтықтар саяси дода сайлау кезінде де белсене жұмыс атқарып, Арыс оқиғасы тұсында жарылыстан жапа шеккен тұрғындарға қамқор болып, елдіктің үлгісін көрсетті. Сонымен қатар «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі қызметкерлері жергілікті билік өкілдерімен бірлесіп еңбек қауіпсіздігін алдын алуда түрлі нәтижелі жұмыстар атқарып келеді.

Rastimes.kz ақпарат агенттігі

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button