Без рубрики

Шымкентте «Ізгілікте жарысайық» қайырымдылық қоры жұмыс істейді

Шымкент қаласында «Ізгілікте жарысайық» қайырымдылық қоры жұмыс жасайды. 2017 жылдан бастап құрылған қор спорт, білім, әлеуметтік, қайырымдылық, үймен қамту сынды 5 бағытта жұмыс істейді.

Қазір таңда «Ізгілік» атты әлеуметтік дүкен ашылған. Мұнда 1000-нан астам ана тіркеуде тұрады. Басым бөлігі көп балалы аналар мен асыраушысынан айырылған отбасы мүшелері. Оларға азық-түлікпен қатар киім-кешек сынды қажетті заттарда беріледі.

Білім мен спорт саласында жетістікке жеткен көп балалы тұрмысы нашар отбасы балаларына стипендия мен оқуға қажетті құрал-жабдықтармен қамтиды.

Аз қамтылған отбасыларға арналған әлеуметтік үйі

Тұрғын үймен қамту бойынша өткен жылы 6 балалы жалғыз басты ананы қордың ықпалымен баспанамен қамтылған. Тағы бір отбасыға жер телімін қор атынан тарту еткен.

Демеушілік жасайтындар жаны жомарт Шымкенттік азаматтар. Ал оларды ұйымдастырып, қайырымды іске баулу қор мүшелерінің еңбегі.

Rastimes.kz ақпарат агенттігі

Ұқсас материалдар

Бір пікір

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button