ШЫМКЕНТТЕ ЕЛБАСЫ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖУРНАЛИСТЕР ЖАРЫСУДА

Шымкент қаласында ішкі саясат және дін істер басқармасы мен Журналистер Одағының қалалық филиалының ұйымдастыруымен Қазақстанның тұңғыш Президенті күніне орай БАҚ өкілдері арасында спартакиада өтуде.

Спартакиаданың ашылу салтанатында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ.Нұртай қатысушыларды Қазақстанның Тұңғыш Президенті күнімен құттықтап, спорттық бәйгеде сәттілік тіледі.

– Оңтүстік журналистикасы — өңірдің өркендеуіне ерен еңбек етіп келеді. Ал Шымкент қаласы еліміздегі көнеден келе жатқан бай тарихы бар, өзіндік дәстүр-салты, мәдениеті қалыптасқан шаһар. Халқымыздың бойындағы жақсы қасиеттерімен ерекшеленіп тұратын сүйікті шаһарымызды қала әкімі Ерлан Айтаханов «Шымкент-қайырымды қала» деп жариялады. Яғни, сіздер мен біздерді келер жылы үлкен жұмыстар күтіп тұр.
Мемлекетіміздің кемелдігі, ел игілігі үшін жасалатын осы істерде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жемісті еңбек етерімізге сенеміз. Журналистер спартакиадасы тағы да құтты болсын. Баршаңызға спорт алаңшаларында жеңіс тілейміз, — деді қала әкімінің бірінші орынбасары.

Бүгінгі спорттық сайысқа Шымкент қаласы мен Түркістан облысынан келген 32 команда волейбол, футбол және бильярдтан бақ сынасады.

  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Перейти к верхней панели