СаясатӘлеумет

Шымкентте екі елдің уәзірлері кездесті

ШЫМКЕНТ, Rastimes.kz — Шымкентте Өзбекстан мен Қазақстан республикасының министрлері кездесті, деп хабарлайды Rastimes.kz сайты.

Бүгін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзум Мырзағалиев пен Өзбекстанның Су шаруашылығы министрі Шавхат Хамраевпен кездесті.

Кездесуде екі ел уәзірлері Түркістан облысы Мақтаарал ауданында болған су апатынан зақым келген жерлерді қалыпқа келтіру және су қоймаларынан келетін қауіптің алдын алу бойынша келіссөз жүргізуде.

ҚР Табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаевтың мәлімдеуінше, су тасуы мүмкін деп айтылған Шардара су қоймасынан келетін ешқандай қауіп жоқ.

Қазіргі сәтте Мақтаарал ауданының 600 гектардан аса егістік жерін су басқан. Осыған байланысты геологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, дейді Е. Нысанбаев.

Rastimes.kz ақпарат агенттігі

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button