Қала

Шымкентте бір тәулікте 77 адамнан вирус анықталды

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 77 адам тіркелді (16.05.2020 жылғы сағат 23:59 — дегі мәлімет бойынша).

ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 77 адамнан COVID-19 диагнозы нақтыланды: олардың 3 Атырау облысынан келген, 2 халықаралық жүк тасымалының жүргізушісі, 4 жақын қарым-қатынастағылар ретінде бақылауға алынған, 68 скрининг нәтіжесінде анықталған. Тиісінше барлығы инфекциялық стационарға жатқызылған.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.

Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін, науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі уақытта қала бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 344 адам анықталды.

Rastimes.kz ақпарат агенттігі

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button