Қала

Шымкентте базар өртенді

Бүгін, ағымдағы жылдың 9 маусымы сағат 14:10 шамасында Темірлан тас жолындағы «Бекжан» базарының алдында автокөлік тұрағында орналасқан аяқ-киім дүңгіршектері жанып жатқаны белгілі болды.

Өртті сөндіруге ТЖД-ның 70 өрт сөндірушісі мен 24 дана арнайы техникасы жұмылдырылды.
Жалын 280 шаршы метр аумақты шарпыған. Аталған оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Тілсіз жау сағат 15:40 шамасында сөндірілді.
Қазіргі таңда өрттің шығу салдары анықталуда.

Rastimes.kz ақпарат агенттігі

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button