Қала

ШЫМКЕНТТЕ 50 830 ОТБАСЫҒА АӘК ТАҒАЙЫНДАЛҒАН

ШЫМКЕНТ. Rastimes.kz — Шымкент қаласында 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап 70 601 отбасының (342 715 адам) өтініштері қаралып, 50 830 отасыға (249 625 адам) атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. 13 860 отбасыға немесе 20% әлеуметтік көмектен бас тартылды.  

Әлеуметтік келісім шарттағы міндеттемеге сәйкес шартты ақшалай көмек алған отбасылардың 4 990-ны жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға, ал 5 492-сі дара кәсіпкерлік қызметін ұйымдастырғандар.

Ал, 4 990 жеке қосылқы шаруашылығын ашқандардың 3643 отбасы 4826 бас ірі қара мал, 956 отбасы 4913 бас ҰАҚ мал алған. 106 отбасы егін шаруашылығы және 285 отбасы құс шаруашылығы (6180 құс).

5 492 өз ісін ашқандардың 202 отбасы әсемдік салонын ашқан. 2257 отбасы өндіріс саласы бойынша тігіншілікпен, 2620 отбасы наубайханамен айналысады. Ал, 413 отбасы түрлі аппараттар алған.

Өтініштердің үлкен ағымына байланысты, сәуір-мамыр айларында атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау барысында бірқатар кемшіктер жіберілді. Кемшіліктерді жою мақсатында арнайы жұмыс топтары құрылып, мониторинг жұмыстары жүргізілді. Кірісін жасырған 8 222 отбасы қайта есептелді және қайта зерделеу барысында 3 671 отбасыға төлемақы тоқтатылып, нәтижесінде 5,1 млрд теңге үнемделді.

Осыған орай, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау барысында жіберілген кемшіліктері мен жаңа тәсілдері туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстары бойынша Шымкент қаласында қыркүйек, қазан айларында әлеуметтік желілерде, жергілікті, руспубликалық арналарда және ақпараттық порталдарда 20-дан астам материалдар жарияланды.

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметі

Растаймыз!

Ұқсас материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Back to top button